Астанада медицина қызметкерлері бұрынғы басшысын сотқа берді

0

«Әділдік және өркендеу» қоғамдық қорына «Аңсармедициналық компаниясы» ЖШС бұрынғы қызметкерлеріхабарласты. Олар қордан еңбек құқықтарын қорғаудысұрайды. Дәрігер, мейірбике, санитар, барлығы 17 қызметкер бұрынғы жұмыс беруші Данияр Құдабеков«еңбек ақымызды жеп қойды» деп шағымданды. Оныңкейбір қызметкерлер алдындағы қарызы 1 миллионға жетіпқалған.

«Одан бөлек, 2023 жылдың мамыр айынан бері жұмысберуші біздің зейнетақы төлемдерімізді аудармаған. Адалақымызды күтіп сабырымыз сарқылды, сол үшін Қордыңкөмегіне жүгініп отырмыз», дейді медбике Салия Жүсіпова.

         Санитар Қалдыгүл Жұмадуллаева да еңбекақысынайлап көрмеген. Сома қомақтыкейбірінің ала алмайжүрген ақшасы 1 миллионға жуық.

«Мұндай жағдайда заң қызметкерлер жағында, сондықтан олар бұл істе жеңеді. Әрбір жұмыскерге осындайжағдайда шыдап отырмай, мәселені бірден заң бойыншашешуге тырысуға кеңес беремін» дейді, «Әділдік жәнеөркендеу» қорының заңгері Дархан Құлжамбеков.

Еңбек құқығы тапталған қызметкерлер «Аңсармедициналық компаниясы» ЖШС үстінен арыз жазды. Бұлісте «Әділдік және өркендеу» қоры оларға тегін заңгерлікқолдау көрсететін болады.

https://adildik.org.kz/tpost/bmkgpxspy1-astanada-meditsina-izmetkerler-brini-bas

Анықтама: «Әділдік және өркендеу» қоғамдық қоры еңбекадамының құқығын қорғап, заңгер кеңесін тегін көрсетеді. Қордың Қазақстанның барлық аймағында өкілдігі бар, жеті облыста қоғамдық қабылдауы жұмыс істеп тұр.  

Қосымша ақпарат үшін:

Гүлжан Мархабаева, баспасөз хатшысы

+7 701 986 9966

adildik.org.kz@gmail.com