Астанада мас күйінде жол апатын жасаған полицей жұмыстан қуылды

0
72

2018 жылғы 26 желтоқсан 15:10 245

Астанада мас күйінде жол апатын жасаған полицей жұмыстан қуылды

АСТАНА. ҚазАқпарат – Астанада мас күйде жол-көлік апатын жасаған полиция қызметкері ішкі істер органдарынан жұмыстан шығарылды. Бұл туралы қалалық полиция департаментінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айта кетерлігі, әлеуметтік желіге «Орбита» дүкені маңында мас полиция қызметкерінің жол-көлік апатын жасағаны туралы видео тараған болатын.

«Жол-көлік апатын жасағаны үшін оның үстінен 608-бапқа (мас күйде автокөлікті басқару) сәйкес әкімшілік материал толтырылды. Сонымен қатар, бөлімше басшысы да тәртіптік жазаға тартылды», – делінген Астана қалалық полиция департаменті таратқан ақпаратта.

Сонымен қатар, департаменттегілер жол-патруль полиция полкінің қызметкері теріс қылықтары үшін жұмыстан шығарылғандығын атап өткен.

Дереккөз: https://www.inform.kz/kz