Астанада лаңкестікке қарсы жоспарлы оқу-жаттығу өткізіледі — Ел жаңалықтары

Астанада лаңкестікке қарсы жоспарлы оқу-жаттығу өткізіледі, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Терроризмге қарсы астаналық жедел штабына сілтеме жасап.
Оқу-жаттығу Астана қаласының «Алматы» аудандық полиция бөлімшесінің ғимараты маңында (Бөрілі, 18) 22 қарашада сағат 10.00-ден 13.00-ге дейін өткізіледі.
«Іс-шараның негізгі міндеті — терроризмге қарсы күрес жөніндегі астаналық жедел штабтың күш-құралдарының дайындығын тексеру. Оқу-жаттығулар кезінде кейбір шектеуліктер болады. Осыған орай қала қонақтары мен тұрғындарды сабыр сақтап, түсінуді сұраймыз», — делінген хабарламада.