Астанада күтуші мен ер адам баланы өлтіргені үшін сотталды

0

Прокуратура Астанада сәбидің өліміне қатысты іс бойынша ақпарат берді, — деп хабарлайды Kznews.kz тілшісі.

Елордалық прокуратура мәліметінше, 2022 жылы күтуші мен бірге тұратын ер адам физикалық зорлық-зомбылық көрсетіп, соның салдарынан сәби қайтыс болды.

«Қала прокуратурасымен жедел-іздестіру тобы құрылып, істің жедел және объектив тергелуі қамтамасыз етілді. Сотта мемлекеттік айыптаушы бұл тұлғалардың кінәсін бұлтартпайтын дәлелдер келтіріп, сот үкімі бойынша олар 17 және 23 жылға бас бостандығынан айырылды», — деп хабарлады Астана прокуратурасы.

Үкім заңды күшіне енді.