Астанада Кәрім Мәсімовтің үйі саудаға қойылды
![](https://kznews.kz/wp-content/uploads/2025/02/IMG_7494-905x613.jpeg)
Астанада Кәрім Мәсімовтің Нұра ауданында, Ерейментау көшесі, 1 мекенжайында орналасқан жертөлесі бар тұрғын үйі аукционға қойылды.
Қайтарылған активтерді басқару компаниясы сатылымға шығарды.
Бастапқы бағасы – 1,8 млрд теңге, кепілдік жарнасы – 117,9 млн теңге. Сауда 25 ақпанда өтеді деп белгіленген.
Дәл осы үйдің суреттерін 2022 жылы ҰҚК экс-төраға Кәрім Мәсімов қамауға алынған кезде жариялаған еді. Тергеу барысында оның заңсыз иемденген бірнеше нысаны анықталған, солардың бірі — осы еңселі коттедж.