Астанада кәмпит жеген сатушыға айыппұл салынды — Бір үзік
Іле аудандық №2 соты дүкен сатушысына желінген кәмпит үшін айыппұл салды, — деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Астана сотына сілтеме жасап.
Істің материалдары бойынша, сатушы қызметін пайдаланып, жалпы соммасы 9700 теңге болатын бір қорап кәмпитті жеп қойған. Шығын толықтай өтелді. Алайда зардап шеккен тарап оны кешірген жоқ.
Іле аудандық №2 соты қызға 48 100 теңге көлемінде айыппұл салды.
Дереккөз: https://kaz.tengrinews.kz