Астанада «Хайвилл Қазахстанның» кеңсесі өртенді

0
122

Тілсіз жауды сөндіруге Астана қаласы ТЖД жеке құрамының 67 маманы мен 17 өрт сөндіру техникасы жұмылдырылды.

Астанада кеңсе ғимараттарының бірінде ірі өрт болды, деп хабарлайды Zakon.kz ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

13-ақпан сағат 21:11 Астананың өртке қарсы қызметіне Сарыарқа көшесінде орналасқан «Хайвилл Қазақстан» кеңсе ғимаратынан өрт шыққаны жайлы хабар келіп түскен.

Арадан бес минут өтісімен ақ, сағат 21:16 оқиға орнына алғашқы өрт сөндіру мамандары жетті. Құтқарушылар келген мезетте жоғарғы үшінші ранг бойынша хабарлама жарияланған.

Ғимараттың ішкі құрылымы опырылып құлағандықтан, өртті сырттан сөндіруге шешім қабылданады.

ҚР ІІМ ТЖК төрағасы Владимир Беккердің басшылығымен жедел штаб құрылды.

Өрт сөндіру құрылымдары тілсіз жауды сағат 22:45 сөндірді. Қызыл жалынды сөндіруге Астана қаласы ТЖД жеке құрамының 67 маманы мен 17 өрт сөндіру техникасы жұмылдырылды.

Өрт 1500 шаршы метр аумақты жалмаған.

Абырой болғанда қаза тауып, жапа шеккендер жоқ.

Ескерту! Видеода бейәдеп сөздер айтылады!

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

[ad_2]

Zakon.kz