Астанада екі жасар бала үсік шалып ауруханаға түсті

0

​Жалпы бір тәулік ішінде үсік шалу салдарынан 14 адам медициналық көмекке жүгінген.

2017 жылғы туған бала үсік шалып, №2 қалалық балалар ауруханасына түсті, денсаулығы орташа қалыпты, деп хабарлайды Елорда Инфо Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жалпы бір тәулік ішінде үсік шалу салдарынан 14 адам медициналық көмекке жүгінген.

«6 ақпан күніне сәйкес үсік шалу салдарынан бір тәулік ішінде 14 адам медициналық көмекке жүгінген. Оның 12-сі медициналық ұйымдарға жедел-жәрдем бригадасымен жеткізіліп, қалған екеуі өздері қаралуға келді. Көмекке жүгінгендер арасында 10 – ересек адам, 4 бала болды», — делінген хабарламада.

Қалғанының барлығы мекенжайы бойынша амбулаторлы емдеуге жіберілді. Үсік шалудан өлім тіркелген жоқ.

Дәрігерлердің жедел түрде көрсеткен медициналық көмегінің арқасында көмекке жүгінгендердің үсік шалуының алдын алуға мүмкіндік берді.

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Дереккөз: https://kaz.zakon.kz/