Астанада демалыс күндері қар жауады

2018 жылғы 14 желтоқсан 10:31 150

АСТАНА. ҚазАқпарат — Синоптиктердің болжамынша, алдағы үш тәулікте ауа райы жауын-шашынды болады, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.
Бейсенбі, 14 желтоқсанда елордада көшпелі бұлт шығады, қар жаумайды. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 2-7 м/с құрайды. Ауа температурасы түнде ауа температурасы -15 -17 °С, күндіз -7 -9 ° С.
15 желтоқсанда күн бұлтты, кей жерлерде қар жауады. Оңтүстік-батыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады. Сынап бағанасы түнде -11 … -13 °С, күндіз -3 … -5 °С көрсетеді.
16 желтоқсанда күн бұлтты болады, қар жауады. Батыстан соғатын желдің жылдамдығы — 9-14 м/с. Түнде ауа температурасы -7 … -9 °С, күндіз -3 … -5 °С құрамақ», — деп хабарлады «Қазгидрометтен».
Дереккөз: https://www.inform.kz/kz