Астанада дәмханалардың бірінде газ баллоны жарылды (ФОТО)
Елордада дәмханалардың бірінде жарылыс болды. Алдын ала мәлімет бойынша ол палау орталығында газ баллоны жарылған, деп хабарлайды Kznews.kz Malim.kz сайтына сілтеме жасап.
Әзірге оқиғаның тек Балқантау көшесінде орналасқан «Центр плова» дәмханасында болғаны белгілі.
Оқиға орнынан келген суреттерге қарағанда, бірнеше адамның жарақат алғаны байқалады.
Бірақ қайғылы жағдай туралы мәлімет жоқ.
Төтенше жағдай департаменті әлі толыққанды ресми ақпаратын жарияламады.