Астанада бірнеше адамға ВИЧ инфекциясын жұқтырған азамат сотталып кетті — новости Казахстана
Бірнеше адамға ВИЧ инфекциясын жұқтырған астаналық азамат бес жылға бас бостандығынан айырылды деп хабарлайды NUR.KZ.
Соттың баспасөз қызметі хабарлағандай, елорда тұрғыны адамдарға иммунодефицит вирусын жұқтырған.
Бұл ісі үшін ол Қылмыстық кодекстің 118- тарауы, 3-бабы бойынша бес жылға бас бостандығынан айырылған.
Алайда 19 қараша күні қабылданған сот үкіміне шағым түскен. Енді іс аппеляциялық тәртіппен қаралады.
Сот отырысы жабық түрде өткендіктен, мекеме артық мәлімет бере алмайтынарын айтты.