Астанада бір топ адам министрлік алдында пикет өткізді

0
255
Сурет: platon.asia

Нұр-Сұлтан қаласында Денсаулық сақтау министрлігі ғимаратының маңында түрлі-түсті киім киген адамдар жиналып, вакцинациялауға қарсылық білдірді, деп хабарлайды platon.asia.

Бір топ адам кәстрөлдерді соғып, өздерімен кездесуге Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың шығуын талап етті.

Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі наразылыққа шыққандармен келіссөз жүріп жатқанын айтты.

«Қазір министр сырттағы жиналыста. Бірінші жетекшілер шығып, адамдармен сөйлесетін болады. Біз оларға «Ашық алаңға» өтіп, талаптарын талқыға салуды ұсынып отырмыз», — деді министрліктің баспасөз қызметіндегілер.

Еске салсақ, 1 ақпан күні Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинациялау басталған еді.