Астанада «Биг шанхай» базарында үш апта бойы жәрмеңке өтеді




Фото: lahdenpohya-adm.ru
Астана, BAQ.KZ. Астана әкімдігінің қолдауымен желтоқсанның 8-і мен 31-і аралығында елордадағы «Биг шанхай» базарында әлеуметтік азық-түлік жәрмеңкесі өтеді.
Онда қала тұрғындары жаңа жыл қарсаңында ет-сүт өнімдерін, жеміс-жидек, көкөніс, макарон мен кондитерлік және өзге де азық-түлік тауарларын төмендетілген бағамен, тікелей өндірушілерден ала алады.
Мәселен, сиыр еті — 1350 теңге/кг, жылқы еті – 1550 теңге/кг, қой еті – 1300 теңге/кг, картоп – 60, алма – 250 теңге/кг бастап саудаланады. Шараға шамамен 200-ге жуық отандық азық-түлік өндіруші кәсіпорындар қатысады деп күтілуде.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!
Ұқсас сілтемелер:
Дереккөз: BAQ.KZ