Астанада бастауыш сынып оқушысын мектептен ұрлап кетпек болған — новости Казахстана

0

Астанада бастауыш сынып оқушысын мектептен ұрлап кете жаздаған. Алты жастағы Әрсеннің қолынан білім ордасына ата-ана ретінде кірген белгісіз әйел жетектеп кеткен. 34 жастағы Ақмола облысының тұрғынын мектеп күзеті де байқамай қалған деп хабарлайды 31 арна.

Фото:primpress.ru

Фото:primpress.ru

Мектеп табалдырығынан аттаған кішкентай баланы мұғалімдер таппай, жарты сағат іздеген. Ал Әрсенді ұрламақ болған әйелді сыртта такси күтіп тұрған.

«Мектепке кіргенде мына коридорда баланың қолынан ұстап алып, қарауылдың жанынан өтіп кеткен. Күзет да ештеңе істеген жоқ ол жерде», — дейді Әрсеннің анасы Әйгерім Адырысова.

Белгісіз әйелдің әрекеті мектептің бейнекамерасына да түсіп қалыпты. Есікті ашып, сенімді түрде ары арай өтіп кеткен. Тәрбиешілер баланың жоғалғанын тек жарты сағаттан соң байқапты.

Әйел бірден асханаға кіріп баланы тамақтандырған көрінеді. Одан кейін шыршаның түбіне келіп сөзге тартыпты. Осыдан кейін әйел қашуға әрекет жасаған.

«Ол кісі сол секундты, сол сәтті пайдаланып, мектептің ішіне ата-ана ретінде кірді деп ойлаймын. Менің өзімнің болжауым», — дейді директордың орынбасары Роза Қылышева.

Қазіргі уақытта әйел ұсталып, тергеуге алынуда. Оның бұрын сотты болмағаны анықталды.

» Ол полиция бөлімшесіне жеткізілген. Қазір әйелдің кім екені анықталды. Ол 34 жастағы Ақмола облысының тумасы», — деді Астана қалалық ІІД баспасөз хатшысы Софья Қылышбекова.


Сіздің реакцияңыз

Спасибо за Ваше мнение
Вы уже голосовали


Тағы да оқыңыздар