Астанада автобус жаяу жүргіншілер жолында әйелді қағып кетті (видео)
Астанада автобус жүргізушісі реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелінде әйелді қағып кетті. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Әйел оқиға орнында мерт болды.
«Автобус жүргізушісі Сығанақ көшесімен келе жатып, Тұран даңғылына оңға бұрылып, реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелінде жолды кесіп өтіп бара жатқан жаяу жүргіншіні қағып кеткені туралы ақпарат түсті. Әйел алған жарақаттарынан сол жерде көз жұмды», – деп хабарлады Астана полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Жағдайға байланысты қылмыстық іс қозғалды. Қажетті сараптамалар тағайындалды