Астанада АҚШ-тан келген 72 жастағы мұғалім оқушыларына қырындаған
Астанадағы халықаралық жекеменшік мектептердің бірінде Америкадан келген 72 жастағы мұғалім оқушыларына қырындаған деп хабарлайды КТК.
Қазір бұл жайтты Білім министрлігі тексеріп жатыр.
Білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиеваның айтуынша, америкалық мұғалімнің сотталмаған туралы анықтамасы болған.
«Ол жұмысқа орналасарда барлық құжатты өткізген. Жеке мектептерде еліміздің заңына бағынғандықтан, жұмысқа орналасатын адам сотталмағанын дәлелдеуі тиіс. Қазір оқиғаның қалай болғанын анықтап жатыр», — деді вице-министр.
Айта кететіні, қазір ол Қазақстаннан кетіп қалған.
Келеңсіз оқиға шәкірттер Алматыға спорттық шараға барғанда орын алған.
Мұғалім жасөспірімдердің біріне қол жүгірткен көрінеді. Бірақ, ешкім арызданбағандықтан полицейлер іс қозғамапты.
Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
Спасибо за Ваше мнение
Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар