Астанада апатқа байланысты 236 үй газсыз қалды

0

Астанада апатқа байланысты 236 үй газсыз қалды, — деп хабарлайды Kznews.kz  агенттігіне Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

«Елордада 28 қарашада сағат 18:40-та «Газовик» ЖШС-ның құрылыс техникасы жер қазу жұмыстарын жүргізу кезінде орташа қысымды газ құбырын зақымдаған. Салдарынан «Көктал-1″ ауданында газ беру қызметі толығымен тоқтатылды. Зақымданған газ құбыры ГРПШ-14,15,16-ны табиғи газбен қамтамасыз ететін. 236 абонент газсыз отыр. Апаттың салдарын жою жұмыстары аяқталғаннан кейін газ беру қызметі қайта қалпына келтірілетін болады», — делінген компания хабарламасында.

Компания зардап шеккен аудан тұрғындарынан апаттық кранды жабуды сұрады.

Фото: depositphotos/Zoooom/


Тегтер:апатГаз