Астанада «Алтын домбыра» айтысы өтеді
Астана, BAQ.KZ. Елордада «Астанам, сенсің айбарым» атты дәстүрлі «Алтын домбыра» республикалық ақындар айтысы өтеді. Бұл туралы «Айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің Халықаралық Одағы» республикалық қоғамдық бірлестігі хабарлады.
Астанада ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен елордамыздың 20 жылдығына және Тәуелсіздік мерекесіне арналған «Астанам, сенсің айбарым!» атты республикалық ақындар айтысы өтеді.
Биыл 7-ші рет өтетін «Алтын домбыра» айтысына жыл бойы өткен додалардың жеңімпаздары Айбек Қалиев, Ринат Заитов, Рүстем Қайыртайұлы, Мұхтар Ниязов, Аспанбек Шұғатаев, Еркебұлан Қайназаров, Жансая Мусина, Мейірбек Сұлтанхан, Әсем Ережеқызы, Мақсат Ақанов, Болатбек Оразбаев, Дидар Қамиев, Төлеген Жаманов, Тілеген Әділов, Нұрмат Мансұров, Шалқарбай Ізбасаров, Қазірет Бердіхан, Сырым Әділбек, Серік Қуанған сынды азулы ақындар қатысады.
Жыр додасын «Айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің Халықаралық Одағының» Басқарма төрағасы Жүрсін Ерман жүргізеді.
Айтыс 16-17 желтоқсан күндері «Қазақстан» орталық концерт залында өтеді. Екі күнде де сағат 15:00-де басталады.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!
Дереккөз: BAQ.KZ