Астанада алдағы үш күннің ауа райы белгілі болды

2018 жылғы 24 желтоқсан 10:12 115

АСТАНА. ҚазАқпарат — Дүйсенбі мен сәрсенбі аралығында елордада -17 градус шамасында суық болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Астана әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.
Қазгидрометтің мәліметінше, дүйсенбі, 24 желтоқсанда Қазақстанның бас қаласында күн райы құбылмалы болады, қар жаумайды. Солтүстік-шығыстан жылдамдығы 5-10 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде -26…-28 °С, күндіз -20…-22 °С.
«25 желтоқсанда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 5-10 м/с жетеді. Сынап бағанасы түнде -30…-32 °С, күндіз -20…-22 °С көрсететін болады», — делінген синоптиктердің хабарламасында.
Сәрсенбі, 26 желтоқсанда да көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 5-10 м/с жетеді. Ауа температурасы -27…-29 °С, күндіз -17…-19 °С құрамақ.
Дереккөз: https://www.inform.kz/kz