Астанада алаяқтар Samsung брендін жамылып тұрғындарды алдаған – Қылмыс

0

Астанада алаяқтар тұрғындардан ақша жымқыру үшін Samsung брендін жамылған. Бұл туралы Астана қаласы полиция департаментінің өкілдері мәлімдеді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Құқық қорғау органдары өкілдерінің мәліметінше, алаяқтар автокөлік ұтысын жасаған болып халықты алдаған.  

«Белгісіз нөмірден Samsung компаниясының атынан Chevrolet Niva автокөлігін ұтып алдыңыз деген хат келеді. Шарт бойынша жеңімпаз белгілі бір соманы Qiwi-әмиянға аударуы керек, сонда ғана ұтысының қайда екенін біле алады. Ал тұрғындар ақша төлегеннен кейін телефон өшірулі болған», – дейді Астана қалалық полиция департаментіндегілер. 

Сондай-ақ, ведомство өкілдері Kolesa.kz сайтындағы алаяқтар жайлы айтты.

«Сатып алушыларды алдау схемасы қарапайым. Сайттағы хабарландырулар бойынша көлік таңдағаннан кейін сатып алушы сатушымен хабарласады. Барлық шартты ақылдасып болған соң, сатушы Qiwi-әмиянға белгілі бір соманы аударуды сұрайды. Артынша ақша түскеннен кейін телефонын өшіріп, жоғалып кетеді. Нәтижесінде жәбірленуші көліктен де, қомақты ақшадан да айырылады», – дейді ведомстводағылар. 


Дереккөз: https://kaz.tengrinews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз