астанада әйел ерекше жағдайда босанды

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

3 0 0

Шақалақ нәрестелерге арналған реанимация бөлімшесінде қатаң бақылауға алынып, ал пациент қарқынды терапия және реанимация бөлімшесіне жатқызылды

НҰР-СҰЛТАН, 12 мамыр – Sputnik. Нұр-Сұлтанда бүйрек трансплантациясын жасатқан әйел аман-есен босанды. Бұл жаңалықты қаланың қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады, деп жазады Sputnik Қазақстан.

Республикалық-критикалық акушерлік орталық басшысы Ағзам Жұмаділовтің айтуынша, соңғы тоғыз жыл ішінде мұндай жағдай үшінші рет қайталанып отыр.

«2011 жылдан бастап Қазақстанда бүйрекке аллотрансплантация жүргізіле бастады. Бұл тоғыз жыл ішінде босану кезінде бала мен ананы және бүйректі сақтап қалған үшінші оқиға. Қазір пациент сәбиімен үйіне шығуға дайындалып жатыр. Бүйрек доноры оның әкесі болды», – деді профессор Жұмаділов.

Әйел 2014 жылы бүйрек трансплантациясын жасатқан

2014 жылы бүйрек трансплантациясын жасатқан әйелдің ілеспелі көптеген ауруы болғандықтан №2 көпбейінді қалалық ауруханаға есепке алынған.

«2020 жылдың сәуірінде әйел кенеттен ауыр жағдайда ауруханаға жатқызылды. Шақалақ бірден нәрестелерге арналған реанимация бөлімшесіне неонатолог-дәрігерлердің қатаң бақылауына алынды. Ал пациент қарқынды терапия және реанимация бөлімшесінде қалды», – делінген басқарманың ақпаратында.

Реанимацияда әйелдің бүйрек жетіспеушілігі өсіп, трансплантатты алып тастау қаупі болған. Содан 10 сәуірде республикалық-критикалық акушерлік орталыққа келіп түскен.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда қайтыс болған адамның органын алу үшін кімнен рұқсат сұрау керек

Ол жерде білікті мамандар кешенді бүйрек алмастырғыш, иммуносупрессивті терапияны, сулы-электролиттік бұзылулар мен гомеостазды түзетуді жүргізіп, бір ай бойы ананың өмірін сақтап қалу үшін күресті.

Республикалық-критикалық акушерлік орталық пен №2 көпбейінді қалалық аурухана дәрігерлері жұмысының арқасында ауыстырып салынған бүйрек функциясын сақтап қалды.



sputniknews.kz