Астанада аяз күшейеді — Қоғам|04 Желтоқсан 2018, 22:20




Астана, BAQ.KZ. «Қазгидромет» РМК синоптиктерінің болжамына сәйкес, алдағы үш күнде ауа температурасы төмендейді. Бұл туралы Астана әкімдігінің ресми сайты хабарлады.
5 желтоқсанда күн бұлтты болады. Түнде тұман түсіп, шығыстан 5-10 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде -12…-14 °C, күндіз -8…-10 °C. 6 желтоқсанда күн бұлтты, жауын-шашынсыз.
Шығыстан 5-10 м/с жылдамдықпен жел соғады. Сынап бағанасы түнде -19…-21 °С, күндіз -14…-16 °С көрсетеді. 7 желтоқсанда ауа райы жауын-шашынды болады. Шығыстан 5-10 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде -22…-24 °C, күндіз -17…-19 °C құрамақ.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!
Ұқсас сілтемелер:
Дереккөз: BAQ.KZ