Астанада «адалдық дүкендері» ашылды – Қоғам|16 Қараша 2018, 18:54

0
93
16 Қараша 2018, 18:54 317 0

Астана, BAQ.KZ. Сауда нүктелерінде сатушы да, касса да жоқ, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Integrity Shop жобасы (адалдық дүкендері) Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы және М. Нәрікбаев атындағы ҚазМЗУ-да жұмысын бастады.

«Дүкенде студент өзіне қажетті сомаға тауар жинап, сол соманы касса тәрізді арнайы жәшікте қалдырады», – деп мәлімдеді Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік.

Осындай механизм Скандинавия елдерінде он жылдан бері сәтті қолданылып келеді.

«Мұндай дүкендерді енгізу жастар арасында адалдық пен адамгершілік сияқты оңтайлы моральдық қасиеттерді қалыптастыруға бағытталған. Мұндай қасиеттер сыбайлас жемқорлықтың алдын алады», – делінген хабарламада.


















Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!


Дереккөз: BAQ.KZ