Home Жаңалықтар Астанада 9700 теңгеге кәмпит жеп қойған дүкен сатушысына үкім шықты

Астанада 9700 теңгеге кәмпит жеп қойған дүкен сатушысына үкім шықты

0
160

2018 жылғы 22 желтоқсан 11:20 788

Астанада 9700 теңгеге кәмпит жеп қойған дүкен сатушысына үкім шықты


АСТАНА. ҚазАқпарат – Астанада дүкен сатушысы ақшасын төлемей, 10 мың теңгеге жуық сомаға кәмпит жегені үшін сот алдында жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Астана қалалық сотының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, дүкен сатушысы қызметтік бабын пайдалана отырып, жалпы сомасы 9700 теңгеге кәмпиттер жиынтығын жеп қойған.

«Шығын толығымен өтелді. Дегенмен, зардап шеккен тараппен татуласу мүмкін болмады. №2 Есіл аудандық сотының үкімімен бойжеткен ҚР Қылмыстық кодексінің 187-бабы 1-бөлігі бойынша кінәлі деп табылды. Оған 48 100 теңге көлемінде айыппұл төлеу түрінде жаза тағайындалды. Үкім заңды күшіне енді», – делінген сот хабарламасында.

Дереккөз: https://www.inform.kz/kz