Астанада 23 млн теңгеге әжетханасы бар аялдама орнатылды — новости Казахстана

0

Астананың шетінде орналасқан «Жағалау» шағын ауданына қоғамдық әжетханасы бар жылы аялдама орнатылды. Ол бұрынғы су жинақтағыш Талдыкөлдің маңында пайда болды деп жазады NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

«Хан-шатыр» артындағы ауданда тұратын адамдар жыл сайын аса суық ауа райы мен қатты желден зардап шегуде.

Елорданың шетінде тұратын халық осыған байланысты өз жанайқайын жеткізіп жүр.

Олар бұрынғы су жинақтағыш Талдыкөлдің тура жанында тұрады.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Алғашқы қоғамдық әжетханасы бар жылы аялдаманы дәл осы ауданда ашу Жағалау тұрғындарын қақаған аяз бен суық желден құтқару үшін іске асырылған.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Орнатылған жаңа ғимараттың ішінде шағын супермаркет пен кофехана да бар. Бұл жерде шай мен кофе 100 бен 250 теңгенің аралығында, барынша арзан бағаға сатылады.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Супермаркеттің түбінде бұрын-соңды ешбір аялдамада болмаған әжетхана бар.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Жергілікті тұрғындардың қолайлығы үшін әжетхана ерлер мен әйелдер үшін бөлек орнатылған.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Жылы аялдамадағы әжетханаға кіру үшін 50 теңге төлеу қажет.

Анықталғандай, жаңа аялдама 23 млн теңгеге тұрғызылған.

Оны Астанадағы жергілікті компаниялар салған. Жылы аялдаманы елордаға америкалық «Istop» компания сыйға тарту еткен.

АҚШ инвесторы Астанаға осыған ұқсас тағы 50 аялдаманы сыйламақ.