Астанада 13 жастағы қызды зорламақ болған педофил 19 жастағы жігіт болып шықты
Елордада қыз балаға шабуыл жасады деп күдіктелген 19 жастағы Астана тұрғыны ұсталды.
Бұл туралы елордалық полиция бөлімінің баспасөз қызметі хабарлады.
11 наурызда полиция көше камералары көмегімен іздеу жұмысын жүргізді. Нәтижесіне 19 жастағы Астананың тұрғынын кешкі уақытта ұстады.
Алдын ала тергеу амалдары жүргізілуде. Тергеу жұмысына байланысты басқа ақпарат хабарланбайды.
Бұған дейін 13 жастағы қыз баланы үй подъезінде ер адамның зорламақ болғанынхабарлаған едік.
stan.kz