Астанада 1000-ға жуық адамға қандас мәртебесі берілді

Әкімдік қандас мәртебесін алған азаматтарға қатысты мәлімдеме жасады
Әкімдік мәліметінше, 2025 жылдың басынан бері елордада 72 адам қандас мәртебесін алды – 45 әйел және 27 ер адам. Оның 52-сі Өзбекстаннан, 7-еуі Ресей Федерациясынан, 6-ауы Қытайдан, 5-еуі Түрікменстаннан, Моңғолия мен Түркиядан бір-бірден келген. Еңбек жасындағы үміткерлер саны – 40 адам, мектепке дейінгі және мектеп жасында – 26 адам, алтауы – зейнеткер.
«Еңбек жасындағы үміткерлердің 16-сы ның жоғары, 16-сының орта арнаулы, 8-інің жалпы орта және бастауыш білімі бар. «Мамандық (біліктілік) бойынша білім беру саласында – 7 адам, денсаулық сақтауда – 5, басқа мамандықтар бойынша – 28 адам», – деді Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Илья Скуб.
Сондай-ақ, жыл басынан бері елорда 27 этникалық қазаққа қандас мәртебесі ұзартылды. Алыс-жақын шет елдердегі этникалық қазақтардың отбасын біріктіру мақсатында екі шақырту берілді.
2024 жылы Астанада 969 адам қандас мәртебесін алды, олардың 544-і Өзбекстаннан, 221-і Қытайдан, 132-сі Ресей Федерациясынан, 48-і Моңғолиядан, 8-і Түрікменстаннан, 9-ы Қырғызстаннан, 2-еуі Ауғанстаннан, 3-еуі Кипрден, 2-еуі Тәжікстаннан келген.