«Астана» велоспортшысы Мадридте көлік апатына түсті




Фото: laprensa.com.ni
Астана, BAQ.KZ. Жексенбі күні Astana Pro Team командасының велоспортшысы Омар Фраиле Мадридте жол апатына ұшырады. Бұл туралы команданың Twitter-дегі ресми парақшасы хабарланды.
Жол-көлік оқиғасында Фраиленің сүйіктісі де зардап шеккен. Енді оған ота жасалады. Ал спортшының алты қабырғасы сынып, омыртқасы жарақаттанған.
Екеуінің де өміріне қауіп төніп тұрған жоқ екені хабарланды.
Омар Фраиле – «Астана» командасы үшін жарысатын испаниялық велошабандоз. 2018 жылдың шілдесінде «Тур де Франс» көпкүндігінің 14-кезеңінде жеңіске жетті. Ол 188 шақырымды екінші категорияда 4:41:57 көрсеткішімен еңсерді. Спортшы бұл жеңісін Денис Тенге арнаған болатын.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!
Ұқсас сілтемелер:
Дереккөз: BAQ.KZ