«Астана» үздік ойыншысын ҚПЛ-дың ортаңқол командасына жіберуі мүмкін

0

Биыл Қазақстан чемпионатын бесінші рет қатарынан жеңіп алған «Астана» командадағы үздік плеймейкер Серікжан Мужиковты «Тобыл» командасына жалға беруі мүмкін.

Қазіргі таңда екі клуб басшылығы Мужиковтың клуб ауыстыруына байланысты мәселені талқылап жатыр. Жалға беру келісімі бір жылға жасалуы мүмкін. Бірақ 29 жастағы ойыншы жазда «Астанаға» қайта оралады екен.

Егер «Тобыл» Мужиковтың кандидатурасын мақұлдаса онда футболшы қостанайлық клубқа маусым аралық оқу-жаттығу жиындарының бірінде барып қосылады. Еске салсақ, былтыр «Тобыл» ел чемпионатында қола жүлдегер атанып, Еуропа лигасына жолдама жеңіп алды.

Былтыр Мужиковқа ресейлік «Ростов» клубы қызықты деген де ақпарат тараған. Алайда футболшы бәрібір Ресей чемпионатына ауысқан жоқ.

Мужиков биыл «Астана» сапында барлығы 2554 минут алаңда ойнаған. Осы уақыт ішінде ол 3 гол соғып, 1 голдық пас беріп, 11 рет сары, 1 рет қызыл қағаз алған.

Абай Аймағамбет

Дереккөз: Айқын