Астана тұрғыны фаршқа малдың тұяғын қосып сатқан (Видео)

Астана қаласында тәртіп сақшылары 47 жастағы азаматтың ет сату орнында заңсыз әрекет ұйымдастырғанын анықтады.
Елордада «Мал ұрлығы» жедел алдын алу шарасы барысында полицейлер заңсыз ет өңдейтін зауытты тауып, оның антисанитарлық жағдайда жұмыс істегенін белгілі болды.
Тәртіп сақшыларының мәліметіне қарағанда, 47 жастағы тұрғын дайын өнім көлемін көбейту үшін шамамен бір тонна ірі қара малдың аяқтарын өңдеп, оларды тартылған етке қосқан.
Полицейлер цех ғимаратына кіріп, 1300 ірі қара малдың аяғын, тұтас сойылған денені бас сүйегімен, шамамен 100 келі ет пен ет қалдықтарын тәркіледі.
фото: YouTube