«Астана Су арнасының» бұрынғы басшысы пара ретінде 3 бөлмелі пәтер алған

0
69

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Аса ірі көлемде пара алған «Астана Су арнасының» бұрынғы басшысына сот үкімі шықты

НҰР-СҰЛТАН, 15 тамыз — Sputnik. «Астана Су арнасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының бұрынғы бас директоры Уәлихан Досаев 7 жылға сотталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Досаев «Астана Су арнасы» кәсіпорнының бас директоры болып тұрған кезде «Технополисжилстрой» ЖШС басшылығынан аса ірі көлемде пара алған. Ол ЖШС-ның иелігіне жылжымайтын мүлікті беру туралы қосымша келісім жасау үшін қоластындағы қызметкері арқылы «Молодая семья 2» тұрғын үй кешенінен 3 бөлмелі пәтер және 60 мың АҚШ доллары көлемінде ақша алды, деп хабарлайды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі.

14 тамызда Нұр-Сұлтан қаласындағы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот үкім шығарып, Досаевты 7 жылға соттады. Ол жазасын төмен деңгейдегі қауіпсіздік мекемесінде өтейді.

Сондай-ақ Досаев өмір бойына мемлекеттік қызметте еңбек ету құқығынан айырылды.



sputniknews.kz