Астана сессиясы. ҰҚШҰ-ның бейбітшіліксүйгіш беделін нығайтты

0

Қысқаша айтқанда, өткен сес­сияның келесі нәтижелерін атап өткім келеді.

Біріншіден, Ұйымның басты құжаттары – Ұжымдық қауіп­сіз­дік туралы шартқа, ҰҚШҰ Жар­ғысына, Процедура ережелері мен жарғылық органдардың ере­же­­леріне, сондай-ақ Ұйымы­мыз­дың мәртебесі туралы келісімге ҰҚШҰ-ның бірнеше бағыт­тағы қызметін жаңартқан өзгерту­лер енгізілді.

Екіншіден, халықаралық ынты­мақтастықтың іс-жүзіндегі құрал­дары іске қосылды. Ол − халық­аралық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға үлес қосуға және ҰҚШҰ-ның ашық және бейбіт­шіліксүйгіш ұйым ретіндегі имид­жін нығайтуға мүмкіндік беретін ҰҚШҰ-ның байқаушы жә­не серіктес мәртебесі.

Үшіншіден, ҰҚШҰ дағдарыс­қа қарсы әрекет ету орталығы сияқты ұжымдық жүйенің басты элементі іске қосылды.

Төртіншіден, әскери ынты­мақтастықты дамыту шеңберінде басқару органдарын бірлесіп даярлауға және ҰҚШҰ ұжымдық қауіпсіздік жүйесінің күштері мен құралдарын қалыптастыруға, әскери және бітімгерлік контин­гент­терді, арнайы күштер мен құ­рал­дарды орналастыруға, әскери жос­парлауға қатысты бес құжат қа­былданды.

Бесіншіден, халықаралық терроризмге қарсы тұруға бағытталған жұмыстың шеңберінде БҰҰ алаңында Қазақстан бастамасымен Терроризмнен азат әлемге қол жеткізу тәртібінің кодексі қабылданып, іске асырылуда. Оның басты мақсаты – БҰҰ-ның жүз жылдығына орай 2045 жылға дейін әлемді террористік қауіп-қатерден толығымен босату. 

Жалпы алғанда, мемлекет бас­шылары Саммиттің күн тәртібін­дегі барлық 20 жобалық құжатты қарап, қол қойды. Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің Қорытынды декларациясы ҰҚШҰ ҰҚЖ сес­сия­сының негізгі саяси құжаты болды. Онда ҰҚШҰ-ға мүше мем­лекеттердің Ұйым қызметінің басым бағыттарын, соның ішін­де Қазақстанның ҰҚШҰ-ға төрағалық ету кезеңінде белгілеген бағыт­тарын іске асыруды жалғас­тыруға деген жалпы көңіл күйі көрсетілген. Сириядағы ахуалды тұрақтандыру үдерісіндегі Ресей мен Қазақстанның шешуші рөлі аталды.

Декларация халықаралық құқықтың жалпыға ортақ қабыл­дан­ған нормалары мен қағи­дат­тарын және Қазақстан баста­машылық еткен Терроризмнен азат әлемге қол жеткізу тәртібінің кодексін сақтауға негізделген БҰҰ-ның қамқорлығымен терроризмге қарсы ең ауқымды коалицияны құруға шақырады.

Сонымен қатар ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің 2025 жыл­ға дейінгі заңсыз көші-қонға қар­сы әрекет етудің ұжымдық жүйесін дамыту жөніндегі Іс-қимыл жоспары және ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің мүддесінде үйлестірілген ақпараттық саясатты әзірлеу жөніндегі Іс-қимыл жоспары бекітілді.

ҰҚШҰ Ұжымдық күштерінің ұйымдық және басқарушылық әлеуетін күшейту үшін Кеңес ҰҚШҰ Ұжымдық жедел әре­кет ету күштерінің әскери кон­тин­генттері құрамы мен арнайы күш­терді қалыптастыру туралы, сондай-ақ ҰҚШҰ әскери бас­қар­масын ұйымдастыруға қатыс­ты өзгертулер енгізу туралы ше­шім­дерге қол қойды. 

Сонымен бірге «Халықаралық террористік ұйымдар жағында қарулы қақтығыстарға қатысқан адамдарға қатысты үйлестірілген шаралар туралы» бірлескен мә­лімдеме қабылданды.

Сессияның күн тәртібінен тыс ҰҚШҰ-ның жаңа Бас хатшы­сын тағайындау мәселесі қа­ралды. Оған байланысты мемлекет басшылары 2018 жылғы 

6 жел­­тоқсанда Санкт-Петербургте болатын кездесуде талқылауды жалғастыруға келісті.

Саммиттің қорытындылары бойынша Ұйымдағы белгіленген тәртіпке сәйкес ҰҚШҰ-дағы төрағалық 2019 жылы Қырғыз Республикасына өтті. Барлық тараптар осы елдің президенті Сооронбай Жээнбековтің Ұйым қызметінің алдағы кезеңіне ұсын­ған басым бағыттарына қолдау көрсетті. ҰҚЖ кезекті сессиясын Қырғызстанда өткізу туралы келісімге қол жеткізілді.

ҰҚЖ сессиясының қар­са­ңында өткен Сыртқы істер минис­трлері кеңесінің, Қорғаныс ми­нистрлері кеңесінің, ҰҚШҰ Қауіпсіздік кеңестері хатшылары комитетінің бірлескен отырысы барысында серіктестердің назары халықаралық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі арнайы жоғары деңгейдегі кездесуді (АҚШ – Ресей – ҚХР – ЕО) ұйым­дастыру туралы Мемлекет басшы­сының бастамасын бірлесе әзірлеу қажеттілігіне аударылғанын атап өткім келеді.

Қайрат ӘБДІРАХМАНОВ,

Сыртқы істер министрі

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз