Астана, Қарағанды, Қостанай және ШҚО мектептерінде сабақ тоқтатылды — Ел жаңалықтары

0

Астана мен Қарағандыда аязға байланысты мектептерде сабақ тоқтатылды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

«26 желтоқсанда ауа райының қолайсыздығына байланысты қала мектептерінде бірінші ауысымның 0-9 сынып оқушылары үшін сабақ болмайды», — деп хабарлайды Астана қаласы білім басқармасы өкілдері. alau.kz ақпараты бойынша, Қостанайда бірінші ауысымдағы 0-5 сыныптар үшін сабақ тоқтатылды. Себебі ауа температурасы -25 градус, жел — секундына 1-3 метр соғады. 

Қарағанды қаласында 0-4 сыныптар, Теміртауда бірінші және екінші ауысымдағы 0-11 сыныптар үшін, ал Балқашта 0-11 сыныптар мен бірінші ауысымдағы колледждердің 1 курс студенттері үшін сабақ тоқтатылды.

Шығыс Қазақстан облысында бірінші ауысымдағы 1-11 сыныптардың, колледждердің 1-2 курс студенттеріне сабақ болмайды. Ал Шемонаиха және Зырян аудандарында екінші ауысым үшін де сабақ тоқтатылды.


Дереккөз: https://kaz.tengrinews.kz