Астана қаласының тұрғыны үш айдан бері табылмай жатыр (фото) — новости Казахстана
Астана қаласының тұрғыны Амангелді Айтжановты туыстары үш айдан бері іздеуде. Ер азамат қыркүйек айында Қарағандыда тұратын құрбысына кеткеннен оралмаған деп хабарлайды NUR.KZ.
«Бауырым Астанадан таксимен шығып, құрбысына барған. Сол жерде қонақ болып, 10 қыркүйек күні құрбысымен қоштасып кетіп қалған. Содан бері ешқандай хабар жоқ», — дейді Амангелдінің туған әпкесі Эльмира.
Жігіттің туыстары полицияға арыз жазған. Құқық қорғау қызметкерлері Астана қаласының тұрғынын тұспалдап іздестіруде.
Отбасы мүшелері болса осы уақытқа дейін үш балгерге барып көрген.
«Үш балгер де ағамның тірі екенін айтты. Бірақ оны ұстап тұрған күш бар екендігін жеткізді», — деді туған әпкесі.
Туыстарының айтуынша, Амангелді — мінезі жайсаң, көп ашулана бермейтін жігіт. Ол өте еңбекқор
Амангелді Айтжановты көрген-білгендер болса төмендегі нөмірге : 8 778 311 81 03 немесе полицияға 102 хабарласуды сұраймыз.