Астана қаласының әкімі Louis Vuitton-ның қымбат сөмкесін көрсетті

0

Журналист Астана әкімінің демалыс бөлмесінде Louis Vuitton-ның қымбат аксессуарын байқады, деп хабарлайды «Голос Народа».

Қала басшысы елорданың 25 жылдығы қарсаңында «Мен сүйемін» YouTube арнасы үшін Асхат Ниязовқа сұхбат берген еді.

«Сөмке қымбат қой, иә?»- деп сұрады журналист әкімнен.

Бұған жауап ретінде Қасымбек егер қызықты болса зерттеп көруін сұрады. Әкім сөмкенің нақты бағасын да, не сатып алғанын, не сыйға алғанын да ашып айтпады.

«Білмеймін, мен оны 5-6 жылдан бері қолданып келемін», — деп жауап берді Жеңіс Қасымбек.

Бұл ретте әкім елордаға ауысқаннан кейін өз кабинетінде ештеңені өзгертпегенін, сол жөндеуді және сол жиһазды, тіпті хатшыны да ауыстырмағанын айтты.

Сұхбат барысында әкім балаларының қайда оқитынына да тоқталды.

«Екі балам шетелде оқиды, біреуі оқу аяқтаған, бірі оқушы. Олар өздері түсті. Біз бір қызымыздың оқу ақысын төлейміз, біреуі тегін оқиды», — деп бөлісті әкім.

фото: zakon.kz

ақпарат: Golos-naroda.kz