Астана қаласына жаңа әкім тағайындалды
Жеңіс Қасымбек Астана қаласының әкімі болды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.
«Жеңіс Махмұдұлы Қасымбек Астана қаласының әкімі лауазымына тағайындалсын», — делінген Жарлықта.
Еске салайық, Жеңіс Қасымбек Қарағанды облысын 2019 жылдың қыркүйегінен бері басқарған. Бүгін оның Қарағанды облысының әкімі қызметінен кеткені белгілі болды.