Астана қаласы сабақ жоспары, Ермек Өтетілеуов, мақтанышым

0
Әдебиеттік оқу 3 сынып
Бөлім: Сәулет өнері
Сабақ тақырыбы: Ермек Өтетілеуов. «Мақтанышым — Астанам»
Оқу мақсаты: Шығармашылық жұмысын сурет түрінде ұсыну, мұғалімнің көмегімен фотосуреттерді пайдаланып, шығармашылық жұмыс жасау.
Шығарманы дауыстап, түсініп, мәнерлеп оқу.

Бағалау критерийлері:• өлеңді қатесіз, мәнерлеп оқиды;
• сурет бойынша мәтін құрастыра алады;
• дереккөздерден тақырып бойынша мәліметтер жинастырады;
• ақпаратты сызбаға түсіреді.
Тірек сөздер: Оқушылар: Астана туралы өз ойын айта алады. Өзінің тұрған көрікті жерлері туралы әңгімелейді, басқа қалалармен салыстыра алады. Суретке қарап мәтін құрап жаза алады.
Пәнге қатысты лексика мен терминология:
Целиноград, ғимарат, құрылыс, сәулет, қызу еңбек.
Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы:
Астанаға айтар тілегім бар, себебі….
Астана көркейіп келеді, себебі…
Құндылықтарды дарыту: Бұл сабақ академиялық адалдық, ұйымшылдық және топта жұмыс істеу, жауапкершілік және көшбасшылық құндылықтарын дамытуға бағыталған. Құндылықтарды қалыптастыру топта жұмыс істеу ережелерін орнату, қабілеті төменірек оқушыларға қолдау көрсету арқылы жүзеге асырылады.
Пәнаралық байланыстар: Сурет бойынша мәтін құрастырып жазу барысында қазақ тілі пәнімен байланыс пайда болады. Астана тарихын әңгімелеуде дүниетану пәнімен байланыс пайда болады.

Сабақтың басы 5 минут
Қызығушылықты ояту. Сыныпты қалыпқа келтіру.
Топқа бөлу. (түстер арқылы)
Оқушылар түстерді таңдап топтарға бірігеді.
Ширату жаттығуы
Көк аспанда күн күлсін,
(қолдарын жоғары көтереді)
Ұл қолында ту тұрсын.
(ұлдар қолдарына ту көтереді)
Қыз қолында гүл тұрсын,
(қыздар қолдарына гүл көтереді)
Көк аспанда күн тұрсын.
(оқушылар қолдарын жоғары көтереді)
Бірге жүрсін бүлдіршін.
(қолдарын соғады)

Үй тапсырмасын сұрау
«Автор орындығы»
— Балалар біз қазір қандай бөлімді бастадық?
— Алдыңғы білім туралы кім айтады?
— Жас Ахмет қандай болды?
— Ол қайда оқыды?
— Ахмет қай орталықтың тұрмыс тіршілігімен танысты?
— Туған жеріне неше жасында оралды?
— Оның ең бірінші қоныстанған жері қалай аталады?
— Яссауиға арнап кім күмбез салдырды?
— Ғимараттың биіктігі қандай?
— Не себепті керемет күмбез атанды?
Тақырыпты болжау
— Қазақстанда тағы қандай сәулетті ғимараттар бар? Ой бөлісейік.
— Жарайсыңдар, балалар, олай болса барлығыңызың алдарыңызда суреттер бар сол суреттерді құрастырайық.
— Бұл ғимараттарды қайдан көрдіңіздер?
— Әрине, Астана қаласы.
— Оқушыларды Астананың жаңа көрікті жерлерін «Мозайка» әдісі(суреттерді қиып тастап құрастыру) арқылы құрастырып 3 топқа біріктіреміз.
1 — топ: «Қазақ елі» монументі
2 — топ: «ЭКСПО шары»
3 — топ: «Атырау көпірі»

Сабақтың ортасы 30 минут
«Жалғастыр…» әдісі
(МК, Ж, ОТ) Білген дыбыстардан басталатын сөйлемдер ойластырып жазады.
1 — топ
А — алып — Ханшатыр
С — символы — Бәйтерек
2 — топ
Т — тұғырлы — Туы
А — асқақтаған — Әнұраны
3 — топ
Н — нұр шашқан — Қазақ елі монументі
А — арман қала — Астана
(Б) «Бағдаршам» әдісі арқылы бағалау.
Сабақтың тақырыбын айту.
— Олай болса, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы:
Мақтанышым — Астанам. Ермек Өтетілеуов.
Сабағымыздың мақсатымен таныстыру.
3. 3. 3. 1. Шығармашылық жұмысын сурет түрінде ұсыну, мұғалімнің көмегімен фотосуреттерді пайдаланып, шығармашылық жұмыс жазу.
3. 2. 1. 1. Шығарманы дауыстап, түсініп, мәнерлеп оқу

Бағалау критерийлері
• өлеңді қатесіз, мәнерлеп оқиды;
• сурет бойынша мәтін құрастыра алады;
• дереккөздерден тақырып бойынша мәліметтер жинастырады;
• ақпаратты сызбаға түсіреді.

Автормен танысу айдары
Ермек Өтетілеуов – балалар ақыны, аудармашы.
1938 жылы 1 каңтарда Ақмола (қазіргі Астана) қаласында туған. Республикалық «Жалын», «Жазушы», «Балдырған» баспа журналында еңбек істеген. Осы үш көркем әдебиет баспаларында жиырма жылдан астам уакыт жұмыс жасаған баспагердің қолынан жүздеген жинақтар мен жеке кітаптар жазған. Ақынның шығармашылығы бірыңғай балаларға арналғандықтан, оның редакторлық қызметі де жас оқырмандар үшін жазылған көркем әдебиетпен тікелей байланыста болады.
«Баспа және полиграфия ісінің қайраткері» құрмет белгісімен марапатталған.

Мектеп: Нарын орта мектебі
Мұғалімнің аты — жөні: А. Нарымбетова
Ермек Өтетілеуов «Мақтанышым — Астанам» жүктеу

Дереккөз: http://bilimdiler.kz/