Астана қаласы әкімінің Жаңа жылдық шыршасы өтті

0
140
25 Желтоқсан 2018, 15:23 271 0

Фото: Нұржас Жақсыбай

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Мерекелік кешке 300 мүмкіндігі шектеулі бала шақырылды. Жаңа жылдық кештің басты тақырыбы – мемлекет басшысының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында айнасын тапқан бастамалары болды.

Сахнада ертегі көрінісі ұйымдастырылып, ежелгі қалалар мен ғарыш тақырыбын тоғыстырған бейнелер декорациялармен, арнайы эффектілермен безендірілді. Аяз ата мен Ақшақар «2019» жазуы бар жаңажылдық экспресспен келді.

Жаңажылдық шыршаға арнайы түзету мектеп-интернатының тәрбиеленушілері, инклюзивті және түзету сыныптарының оқушылары шақырылды. Мерекелік кешке қаладағы екі Оқушылар сарайының өнер ұжымдары да қатысты.

Қонақтарды Астана қаласы әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев құттықтады.

«Жаңа жыл – ерекше мереке. Біз Жаңа жылдан қашанда жақсылық күтеміз. Сіздердің барлық армандарыңыз орындалсын. Сіздер қарқынды дамушы ел – Қазақстанда, сол елдің бас қаласы Астанада тұрып жатсыздар. Біз сіздердің осы Жаңа жылды барынша көңілді, қызықты қарсы алуларыңызға барлық жағдайды жасауға тырысамыз. Ата-аналарға бақыт, шыдамдылық, барлық армандарыңыздың орындалуын тілеймін. Жаңа жыл құтты болсын!», – деді ол.

«Жаңа жыл – ертегі мен ғажайып күтетін уақыт. Бұл ғажайыпты тек балалар емес, жасөспірімдер мен ересектер де күтеді. Кез келген көркем ойды ертегі мен ойын ретінде қойса болады. Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында ұлы қалалар мен батырлар, халқымыздың тарихы туралы айтылған. Өкінішке орай, қазіргі балалар кітапты өте аз оқиды, ал тарихты білу – міндет. Мен олар ел тарихын ойнап-күліп жүріп, ертегі арқылы білсін дедім», дейді режиссер.

Фотолар: Нұржас Жақсыбай


















Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Дереккөз: BAQ.KZ