«Астана Опера» Санкт-Петербург сахнасында

0

«Астана Опера» театрының ұжымы Ресейге гастрольмен барып, «Санкт-Петербург Операсы» сахнасында ерекше қошеметке бөленді

Айта кету керек, қазақстандық ұжым гастроль үшін күтпеген қойылым таңдады: Джоаккино Россинидің «Жібек саты» опера-фарсы. Ол күрделі вокалды және аспаптық партияларымен, актерлердің өткір әзілімен және асқан шебер импровизациялық ойындарымен танымал.

Өз ісінің шебері Юрий Александров (Санкт-Петербург Операсы» театрының көркемдік жетекшісі) репертуарды жоғары бағалады: 

«Менің қымбатты қазақтарымның осындай күрделі жұмыс әкелгені олардың дамып келе жатқандығын көрсетеді, мен бұған қуанамын».

Біздің сахнадағы бірінші жұлдыздар Петербург сыншыларының алдында қазақ өнерінің намысын тамаша қорғады: негізгі партияларды солистер Жаннат Бақтай, Жан Тапин және Азамат Желтиргузов орындады. Дирижер Абзал Мұхитдинов болды.

Айтпақшы, 9 және 10 қарашада «Астана Опера» театрының көрермендері енді Санкт-Петербург Операсы» шеберлерінің жұмысына баға бере алады. Бағдарламада нағыз жауһарлар бар: Вердидің «Риголеттосы» және Бизенің «Інжу іздеушілері». Билет алуға асығыңыз.



sputniknews.kz