«Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы тағайындалды

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

«Астана» өңірлік қолбасшылығы – Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Жоғарғы бас қолбасшысының резерві  

НҰР-СҰЛТАН, 9 қаңтар – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысын тағайындады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

«Мемлекет басшысының өкімімен Мереке Мәтімұлы Күшікбаев «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы қызметіне тағайындалды», — делінген хабарламада.

Қазақстан қорғаныс министрлігінің сайтында Күшікбаев 2018 жылы десанттық-шабуылдау әскерлері қолбасшылығының бірінші орынбасары – штаб бастығы лауазымын атқарғаны көрсетілген, әскери шені – полковник.

Тағы оқыңыз: Қорғаныс министрі Назарбаевқа Қарулы күштердегі қазіргі ахуалды баяндады

«Астана» өңірлік қолбасшылығы 2003 жылы құрылды. Ол Ақмола, Қарағанды, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарының әкімшілік шекараларында орналасқан.

Қолбасшылық штаб Қарағандыда.

Өңірлік қолбасшылық құрамына орталық бағыныстағы бөлімшелер мен Әуе қорғанысы күштерінің әскерлерін қоспағанда, аумақтық бөліністің құрамындағы әскери бөлімдер кіреді.

«Астана» өңірлік қолбасшылығы – бұл Қарулы күштердің Жоғарғы бас қолбасшысының резерві.



sputniknews.kz