Астана мен Қазақстанның кей өңірлерінде дауылды ескерту жарияланды

5 наурызда Ақмола облысының кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі.
5-7 наурыз күндері еліміздің бірқатар аймақтарында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Астана қ. 5-7 наурызда кей уақыттарда жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
5 наурызда Ақмола облысында кей жерлерде бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с, екпіні 23 м/с.
6 наурыз күндіз, 7 наурыз тәулік бойы Қостанай, Солтүстік-Қазақстан, Ақмола, 7 наурызда Павлодар облыстарында оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с, кей уақыттарда 30 м/с және одан аса күтіледі.
Кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі.
Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!
[ad_2]
Zakon.kz