Астана мен 8 облыста дабылды ескерту жарияланды

0
193

Синоптиктер еліміздің басым бөлігінде тұман түсіп, көктайғақ болады, бұрқасындатады деп болжап отыр

АСТАНА, 21 қараша — Sputnik. Қазақстанның басым аумағында бейсенбі, 22 қараша күні жауын-шашын түседі, тек батыста күн ашық болады.

22 қарашада Ақмола облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, бұрқасындатады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші түнде кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде 15-20, кей жерлерде екпіні 25 м/с күшейеді.

23-24 қарашада кей жерлерде бұрқасындатып, оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күші –15-20, екпіні – 25 м/с.

Астана қаласында 22 қарашада тұман түсіп, көктайғақ болады, 23-24 қарашада бұрқасындатады деп болжануда. Таңертең және күндіз 22 м/с, 23-24 қарашада 15-20 м/с жылдамдықпен тәулік бойы жел соғады.

 24 қарашада Қызылорда, Жамбыл облыстарында, күндіз 24 қарашада Түркістан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Алматы облыстарында жауын-шашын, кей жерлерде мол жауын-шашын түседі. Кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады, бұрқасындатады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші – 15-20 м/с, екпіні – 23-28 м/с, кей жерлерде 30 м/с жоғары болады.