Астана мектептерінде екінші ауысымда оқитын оқушыларға сабақ тоқтатылды

0

Елордада жаяу бұрқасын, көктайғақ, оңтүстіктен жел соғып, оңтүстік-батыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен дауыл соғады деп күтілуде.

Астана қалалық Білім басқармасы екінші ауысымда білім алатын 0-9 сынып оқушыларына сабақ тоқтатылғанын жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

«19.02.2019 жылы ауа-райының колайсыздығына байланысты қала мектептерінің екінші ауысымындағы 0-9 сынып оқушылары үшін сабақ болмайды»,- деп хабарлап отыр Басқармадағылар.

«Қазгидромет» РМК 18-20 ақпан күндері Астанада жаяу бұрқасын, көктайғақ, оңтүстіктен жел соғып, оңтүстік-батыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен дауыл соғады деп хабарлады.

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

[ad_2]

Zakon.kz