Астана маңындағы ауылдарға автобус жиі қатынайтын болды

0
96
17 Қараша 2018, 16:49 423 0

Астана, BAQ.KZ. Астана маңындағы Жалтыркөл және Жібек Жолы ауылдарының тұрғындары үшін 17 қарашадан бастап №316 бағдардың қозғалыс интервалы қысқарады, деп хабарлайды «Astana LRT» ЖШС-нің баспасөз қызметі.

«Сағат 15:00-де Астанадан және 17:05-те Жалтыркөлден 2 қосымша рейс қосылды. Сағат 18:00-де Астанадан жүретін автобустың жүру уақыты 20 минутқа жылжыды. Рейс 18:20-да жүретін болады», – делінген хабарламада.

Аймақтық автобустардың жүру кестелерімен 109 нөмірі арқылы немесе @astanalrt инстаграм парақшасында танысуға болады.


















Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:


Дереккөз: BAQ.KZ