Астана маңында жолды кесіп өткен елес қыздың бейнесі камераға түсіп қалды (видео)

0

Instagram желісіндегі парақшалардың бірінде жолды кесіп өткен елес қыздың видеосы пайда болды. Әзірге бейнежазбадағы көріністің қаншалықты рас екені белгісіз.

Instagram желісіндегі пабликтердің бірінде адам сенгісіз видео пайда болды. Онда елес қыздың жолды кесіп өткенін анық көруге болады. Бейнежазба авторы:

«Мынадай видеоны желі қолданушылары жіберді. Айтуларынша, 17 қазан күні жас отбасы Астанадан Қосшыға қайтып бара жатқан екен. Әзірге видеоның қаншалықты рас екенін білмейміз. Видеоны жолдаған жандардың айтуынша, олар оны бірнеше рет қайталап көргенімен, ондағы бейненің не екенін түсінбеген. Ал, сіздер елеске сенесіздер ме?», – деп жазған.

Желі қолданушылары болса, аталмыш видеоның ескі екенін алға тартқан. Десе де олардың арасында «Бұл жағдай рас, бұрындары Қосшы жақта бір қызды зорлап, өлтірген деген қауесет бар. Алайда денесін таппаған, мүмкін сол қыздың аруағы болар» деген пікірлер де табылған.

 

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз