Астана маңына қатынайтын бағдарлар ашылды


Астана, BAQ.KZ. Қала маңындағы елдімекендерге қатынайтын бағдардың қозғалысы 24 қарашада ауа райының күрт бұзылуына байланысты уақытша тоқтатылған болатын. Бұл туралы «Астана LRT» ЖШС хабарлады.
«25 қарашада сағат 09:00-де қала маңындағы елдімекендерге баратын №300, 301, 302, 305, 308, 309, 310, 311, 312, 313, 315, 316, 318 бағдарлардың қозғалысы қайта жанданды», — делінген «Астана LRT» ЖШС-нің хабарламасында.
Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, ауа райының қолайсыздығына байланысты кеше сағат 19:30-да қала маңындағы елдімекендерге қатынайтын бағдарлардың қозғалысы уақытша тоқтатылған болатын.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!
Ұқсас сілтемелер:
Дереккөз: BAQ.KZ