«Астана LRT» басшысы автобустың қызды қағуына қатысты түсініктеме берді
2018 жылғы 21 желтоқсан 13:02 165
АСТАНА.ҚазАқпарат — Бүгін «Астана LRT» басшысы Бекмырза Игенбердинов қалалық жолаушылар автобусының жаяу жүргінші өтетін жолақта адам қағып кетуіне қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі
«Әрбір жайт — бұл шынайы оқиға, әсіресе, қаза тапқан адам болған кезде мұны толықтай қарастыру қажет. Неліктен мұндай жайт орын алды? Артық жұмыс істеді ме, жай-күйі қандай болды дегеннен бастап сол уақыттағы отбасылық жағдайын да білу керек. Ішкі-сыртқы барлық аспектілердің мән-жайынын анықтау қажет. Мүмкін оның ұйқысы қанбаған шығар», — деді ол Астана әкімдігінде өткен баспасөз мәслихатында.
Оның айтуынша, әрбір оқиға бойынша жеке шешім қабылданады.
«Әрине,ол жаяу жүргіншіге арналған жолақта қаққаннан кейін қандай жағдай болмасын кінәлі және сол үшін жазаланады. Барлық жүргізушілерде мұндай жағдайда қандай жаза бар екенін біледі. Ал біз өз тарапымыздан сараптама жасап, біліктілік арттыру орталығында барлығын тыңғылықты зерделейміз», — деді Бекмырза Игенбердинов.
Дереккөз: https://www.inform.kz/kz