Домой Жаңалықтар Astana LRT ақшасын жеп қойғандардың бірі — Түркияда, екіншісі — АҚШ-та қашып...

Astana LRT ақшасын жеп қойғандардың бірі — Түркияда, екіншісі — АҚШ-та қашып жүр

0
799

Бас Прокурор Ғизат Нұрдәулетов «Астана LRT» ісі бойынша бас фигуранттарды экстрадициялауға өтініш жібергенін мәлімдеді.

Айтуынша, қазір құрылыс компаниясының экс-төрағасы Талғат Арданды интерпол Түркияда жүргенін 14 сәуірде анықтап, хабарлама жіберген. Соған сәйкес Стамбул сотына өтініш жіберіліпті. Ал екінші күдікті Астана қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары болған Қанат Сұлтанбеков Америка құрама штаттарында жүргені анықталыпты. АҚШ Әділет министрлігіне де оны Қазақстанға қайтаруға өтініш жолдаған.

2019 жылы «Астана LRT» ісіндегі басты күдіктілер халықаралық іздеуге алынған делінген. Бірақ таяуда Ақжол партиясының депутаттары олардың интерпол тізімінде жоқ екенін айтқан. Енді, міне, осыған қатысты Бас прокуратура осындай жауап беріп отыр.

Яғни құзырлы орын «Астана LRT» ісі бойынша басты 2 фигурант — Талғат Ардан мен Қанат Сұлтанбековтың шетелдегі активтерін анықтамаған.

Ал тергеу құжатына сәйкес, олар 5,8 млрд теңгені талан-таражға салған.