Астана лифтілерінің бірінде еркек әйелді ұрып жіберді

0

Лифті ішінде тұрған жастардың ұрысы камераға түсіп қалды, деп хабарлайды KzNews ақпарат агенттігі.

Facebook қолданушылары жастар арасындағы кикілжіңнің 13 желтоқсан күні «Манхэттан» тұрғын үйінде болғанын жазып жатыр.

«Араларында не болғанын білмеймін… бірақ Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаменті серігіне қол көтерген бұл «кейіпкерді» 15 тәулік бойы подъезд тазалауға міндеттеп, әрекетіне құқықтық баға береді деген үміттемін», — деп жазды «Астана – Что? Где? Когда?» тобының қолданушысы.

Әзірге полиция аталған жазбаға қатысты пікір білдірмеді.