«Астана» клубының Чемпиондар лигасындағы бірінші қарсыласы анықталды
Қысқа сілтеме алу
Қазақстан чемпионы шілдеде еуропалық турнир аясында төрт матч өткізеді
НҰР-СҰЛТАН, 18 маусым – Sputnik. Швейцарияның Ньон қаласында Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңінің жеребе тастау рәсімі өтті.
Қазақстанда чемпион атанған «Астана» футбол клубы мықты команда ретінде әр топқа бөлінгендер қатарында болды. Қазақстандық клубтың алғашқы қарсыласы – Румынияның үздік командасы – Клуж-Напока қаласының ЧФР клубы. Румындар өз елінде бес рет чемпион болып, төрт рет ұлттық кубокты жеңіп алған.
Тағы оқыңыз: «Каспий — Қайрат» матчынан кейінгі төбелестің видеосы жарияланды
Нұр-Сұлтанда іріктеу кезеңінің алғашқы матчтары 9-10 шілдеде өтсе, қарымта кездесулер 16 және 17 шілдеде Клуж-Напокада болады.
Еске сала кетсек, турнирдің өткен маусымында «Астана» клубы Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңінің үшінші раундына дейін жетіп, хорватиялық «Динамодан» ұтылды.
Содан соң қазақстандық клуб Еуропа лигасының топтық турниріне қатысып, өз тобында үшінші орын алған еді.
Тағы оқыңыз: Футболшы пенальтиден таңғажайып гол соқты — видео
sputniknews.kz